«Вагонсервис» АҚ-ның Алматы филиалындағы жолаушы вагондарын жөндеу бөлімінің бірінші санаттағы инженеры

347 984 - 368 664 KZT
Алматинский филиал по ремонту пассажирских вагонов АО «Вагонсервис» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
0

   Конкурс туралы
Қызметтік міндеттері:
  • Жанғыш-май материалдарының (бензин, дизель отыны, көмір) есебі бойынша филиал басшылығына белгіленген мерзімде толық және нақты ақпарат ұсыну, есеп тізімін жүргізу;
  • ай сайын материалдық-техникалық жабдықтама (МТЖ) бюджетін түзету (ТО-1, ТО-2, ТО-3);
  • баға саясаты бойынша ең тиімді шарттарды таңдау және ынтымақтастық перспективаларын анықтау үшін жеткізушілерден коммерциялық (бағалық) ұсыныстарды іздеуді қамтамасыз ету;
  • қоймалардағы тауар қалдықтарын азайту бойынша шараларды әзірлеу, ұйымның бөлімдеріне тауарлар туралы кез келген ақпаратты ұсыну, тауар ассортиментін қалыптастыру және жаңарту;
  • қоймалардағы (ТО-1, ТО-2, ТО-3) қосалқы бөлшектердің болуы туралы апталық есеп беру;
  • күнделікті түрде тежегіш колодкалар туралы есеп беру;
  • тауарларды қабылдау актілерінің тізімін апта сайын жасау.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі білім).
  • Мамандығы: экономика; менеджмент; қаржы; маркетинг; есеп және аудит; ақпараттық жүйелер; құқықтану; көлік, көлік техникасы және технологиялар; логистика және/немесе теміржол мамандықтары.
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 1 жыл, жұмыс саласына сәйкес болуы керек.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.