«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалының Павлодар учаскесінің тоқтату паркінің жолаушылар вагондарының жолсеріктері

227 101 - 237 786 KZT
Павлодарский участок Регионального филиала по пассажирским перевозкам "Северный" Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
40

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Күзетке қабылданған вагондар жабдықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
  • вагондарды күзетуді және оны сапарға дайындауды жүзеге асыру кезінде санитария талаптарын қамтамасыз етеді және тиісті температуралық режимді ұстайды (жазда+18С, қысқы кезеңде + 22С);
  • авариялық шығу жетектерінің тоқтату крандары мен тұтқаларында пломбалардың болуын тексереді;
  • ВУ - 8 журналының түгендеу тізімдемесі бойынша вагонның ішкі және сыртқы жабдығының болуын және жай-күйін тексереді;
  • 11-нысанды тізім бойынша алмалы-салмалы мүкәммал мен төсек жабдықтарының болуын тексереді;
  • жылыту желісінің жұмыс жағдайында жарамдылығын тексереді;
  • оттықта ұшқын өшіргіштің, масақтардың болуын, қол және циркуляциялық сорғылардың жарамдылығын тексереді;
  • жылыту жүйесінде судың болуын және вагонның отынмен қамтамасыз етілуін тексереді;
  • жүріс бөлігінде, тежегіш және вагон астындағы жабдықта және автотіркегіш құрылғыда мұздың болмауын тексереді;
  • алмалы-салмалы мүкәммалды ФИУ-11 нысанындағы журнал бойынша тапсырады;
  • вагонның ішкі және сыртқы жабдықтарын ВУ-8 журналының түгендеу тізімдемесі бойынша тапсырады;
  • құятын және хабарлайтын келте құбырларды, жуынатын ыдыстарды, унитаздарды жылытады, жүріс бөліктерін, тежегіш жабдықты және автотіркегіш құрылғыны мұздан тазартады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік), белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық: Темір жол көлігіндегі жолсерік; Жолаушылар вагондарының жолсерігі.
  • Мамандығы: Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша); Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.
  • Жұмыс тәжірибесі: өтіліне талап қойылмайды.
  • Талап етіледі: Диплом мен сертификаттың фотосуреті.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.