«KTZ Express» АҚ Стратегиялық серіктестермен жұмыс істеу жөніндегі департаментінің директоры
Лауазымдық міндеттер:
- Нарықтағы контейнерлік тасымалдар бойынша сатылымдарға мониторинг жүргізеді: барлық бағыттар бойынша тасымалдау кезеңін (маусымдылығын), бәсекеге қабілетті мөлшерлемелер деңгейін бақылайды;
- Қоғамның контейнерлік және мультимодальды сервистерін сатуды ұлғайту бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- Клиенттерге бәсекеге қабілетті мөлшерлемелер ұсыну мақсатында көліктік шығындарды барынша азайтуға қол жеткізу үшін бәсекелестердің қолданыстағы тарифтік шарттарына талдау жүргізеді;
- Ықтимал клиенттерге шарттар жасасу бойынша коммерциялық ұсыныстар жібереді;
- Шарттарды орындау барысында клиенттермен туындайтын келіспеушіліктерді реттейді, клиенттерге және Қоғам филиалдарына шарттардың талаптары бойынша ресми түсіндірмелер жібереді, шарттарды келісу, өзгерту/толықтыру (қосымша келісімдер жасасу) және бұзу процестерін ұйымдастырушылық қамтамасыз етеді;
- Департамент қызметкерлерінің клиенттерге коммерциялық ұсыныстар жасау, шарттар, қосымша келісімдер, Бағалар хаттамаларын жасасу бөлігіндегі жұмысын бақылайды;
- Департамент қызметкерлерінің жасалған көліктік-экспедициялық қызметтер көрсету шарттары туралы деректердің Қоғамның ақпараттық жүйесіне (ИРС–тасымалдар) толық әрі дұрыс енгізілуін қамтамасыз ету бөлігіндегі жұмысын бақылайды;
- Департамент қызметкерлерінің Клиенттердің сұрау салулары бойынша Қоғамның ақпараттық жүйелерінде (Aikey CRM) мөлшерлемелерді қалыптастыру және есептеу бөлігіндегі жұмысын қамтамасыз етеді;
- Департамент қызметкерлерінің қолма-қол тапсырылған және Қоғамның ақпараттық жүйелеріне келіп түскен хаттарды уақтылы жабуын қамтамасыз етеді;
- Дебиторлық берешекті және клиенттермен талап-арыз жұмысын жүргізуді бақылайды;
- Қоғамның ақпараттық жүйелерінде (ИРС «Тасымалдар», CRM) тасымалдарды ұйымдастыруды және оларды уақтылы жабуды, оның ішінде шарттарға дұрыс байланыстыруды, өткізу операцияларын есептеуді және орындалған жұмыстар актілерін ресімдеуді бақылайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы:
Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Вагондар; Құрылыс (Теміржолдарды салу, жол және жол шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Экономика; Қаржы; Логистика (көліктегі); Менеджмент; Есеп және аудит. - Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 6 жыл, оның ішінде қызмет бағыты бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 4 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.