"ҚТЖ" ҰК" АҚ- "Ақтөбе мамандандырылған көпір жасағы" филиалының механикалық шеберхана цехының компрессорлық қондырғы машинисі
Лауазымдық міндеттер:
- ЖЖҚ-ны ағымдағы күтіп-ұстау, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде компрессорлық қондырғының жарамды және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді.
- Жұмыс басталар алдында компрессорлық қондырғыны тексереді, қозғалтқыштың, манометрлердің, сақтандырғыш клапандардың, ресивердің, жеңдердің, қосылыстардың, сүзгілердің, май мен отын деңгейінің жай-күйін тексереді.
- Компрессорлық қондырғыны іске қосуды, тоқтатуды және оның жұмыс режимін бақылауды жүзеге асырады.
- Көпірлерді, құбырларды, жол өтпелерін, жаяу жүргіншілер көпірлерін және басқа да ЖЖҚ-ны жөндеу кезінде қолданылатын пневматикалық құралдың жұмысына сығылған ауаның берілуін қамтамасыз етеді.
- Ауа қысымын, жеңдердің, қосылыстардың, тиек арматурасының және пневматикалық құралдың жарамдылығын бақылайды.
- Ақаулы компрессорлық қондырғыны, зақымдалған жеңдерді, ақаулы қосылыстарды және пневматикалық құралды пайдалануға жол бермейді.
- Компрессорлық қондырғыға ауысым сайын техникалық қызмет көрсетуді орындайды: тазалау, майлау, бекітпелерді тексеру, біліктілігі шегінде ұсақ ақауларды жою
Біліктілік талаптары:
- Білімі: орта техникалық. Білімі мен дағдылары: белгіленген бағдарлама бойынша кәсіптік және/немесе арнайы даярлық. Компрессорлық қондырғылардың құрылысын, жұмыс істеу қағидатын және пайдалану ережелерін; жүк көтергіш механизмдерді қауіпсіз пайдалану талаптарын; пневматикалық жабдықпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын; еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария қағидаларын; авариялық жағдайлардағы іс-қимыл тәртібін; теміржол жолдары маңында және жасанды құрылыстар объектілерінде жұмыс істеу қағидаларын білуі тиіс.
- Мамандығы: құрылыс және жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану, жөндеу және оларға қызмет көрсету; жабдықтарды, компрессорлық қондырғыларды пайдалану және жөндеу немесе өзге де бейінді техникалық мамандық.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша: кемінде 1 жыл болғаны жөн.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.