«ҚТЖ» ҰҚ АҚ филиалының 2-ші санаттағы «Семей магистральдық желісі» бөлімшесінің «Иртыш зауыты» теміржол стансасының бастығы
- Станцияның қызметін белгіленген тәртіпте бекітілген техникалық және технологиялық регламенттерге сәйкес басқарады және ұйымдастырады;
- Компания берген сенімхат негізінде және сенімхатты қайта тапсыру құқығы болған жағдайда, филиал директоры берген сенімхат негізінде, сондай-ақ Компанияның жергілікті актісімен бекітілген лауазымдар тізімі бойынша өкілеттіктерге сәйкес станция қызметкерлерімен еңбек қарым-қатынастары саласында шешім қабылдайды;
- көліктік процеске қатысушылармен жасалған шарттарға сәйкес қызметтердің сапасын қамтамасыз етеді және олардың жалпы пайдаланудағы жолдардағы өндірістік қызметі үшін жағдай жасайды;
- станцияның техникалық-ұйымдық актін, технологиялық процесін (технологиялық картасын), жергілікті нұсқауларды және станцияның жұмысын регламенттейтін басқа да құжаттарды әзірлейді, НТД-нің әзірленуін бақылайды;
- станция шегіндегі теміржол жолдарының, стрелкалардың, сигналдардың және басқа да техникалық құрылғылардың жақсы жағдайда болуын, аумақтың, стрелкалық посттардың, стрелкалардың, өтпелердің, жүк тиеу және түсіру пункттерінің қалыпты жарықтандырылуын бақылайды;
- қызметкерлерді қажетті инвентарьмен, сигналдық құралдармен, материалдармен қамтамасыз етеді;
- жаңа сигнализация, орталықтандыру, блоктандыру және байланыс құрылғыларын, жылжымалы құрамды, жұмысты автоматтандыру құралдарын сынау және енгізуге қатысады;
- құжаттарды және есеп беруді жүргізуді және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
- белгіленген тәртіпте қажетті (бекітілген) штат санының болуын, оларды іріктеуді, сапалы құрамын, материалдық-техникалық жабдықталуын және орналастыруын, даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі білім)
- Мамандығы: Көлікті ұйымдастыру, қозғалыс және көліктерді пайдалану (теміржол транспорты) саласында
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 7 жыл, оның ішінде кемінде 2 жыл станция бастығының орынбасары (оперативтік жұмыс бойынша)/бас инженер лауазымында және кемінде 2 жыл пойыз диспетчері/бөлімдегі кезекші лауазымында.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.