«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалының Орал өндірістік учаскесінің 2-топ (жабдықтау) шебері
Лауазымдық міндеттер:
- Поезд бастығының, нұсқаушының, МБМ механигінің міндетті түрде қатысуымен электр станциялары вагондарының дизель отынының қалдығын нәтижелерін тіркей отырып, алуды жүзеге асырады;
- 15.07.2022 жылғы бекітілген № 104-ЦЛ технологиялық процеске және ішкі актілерге сәйкес ТО-1, ТО-2, ТО-3, ТҚКЖ, ДР, КР өндірісі кезінде жарамсыз қосалқы бөлшектер мен бөлшектерді күнделікті қабылдауды, есепке алуды жүзеге асырады. Қабылдау актілерін ресімдеуді, қабылданатын металл сынықтарын өлшеуді қоса алғанда, металл сынықтарын есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді;
- ЕММ-нің істелген жұмысын (мотосағатын) есепке алуды, тиісті есепке алу журналын бақылауды және жүргізуді қамтамасыз етеді;
- ақауларды және қалыпты жұмыстан ауытқуларды анықтау мақсатында вагон-электр станциясының жабдықтарын ішкі тексеруді жүргізеді;
- белгіленген нормаларға сәйкес, дизель отынының артық шығынын қоспағанда, вагон-электр станцияларын дизель отынымен жабдықтауды ұйымдастырады. Дизель отыны артық жұмсалған кезде актіні ұсынады;
- есепке алу аспабының бастапқы және соңғы көрсеткіштерін міндетті түрде көрсете отырып, дизель отыны қозғалысының журналын жүргізуді қамтамасыз етеді;
- саны мен сапасын тексеруді, сондай-ақ тауарлық-көліктік жүкқұжаттың (ТТН) және тауарға ілеспе жүкқұжаттың (ТМҚ) және өзге де құжаттардың болуы мен дұрыс ресімделуін қоса алғанда, Өнім берушіден дизель отынын қабылдауға жауапты болады;
- дизель отынының шығынын күн сайын есепке алуды және есептілікті қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
- кірме жолдарға техникалық қызмет көрсетуге қатысады, анықталған ескертулердің жойылуын бақылайды, жолдың жоғарғы құрылысының жарамсыз материалдарының есебін жүргізеді, тиісті акт жасайды;
- автокөлік құралдарын ағымдағы жөндеуді және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді, автокөлік құралына бақылау жүргізеді, бензин шығыны бойынша есеп жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технология; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі).
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.