«ҚТЖ» АҚ-ның «Шымкент магистральдық желісі» филиалының «Мактаарал» стансасының жетекші инженері (технологы), 4-ші дәреже
- Еңбек қауіпсіздігі белгілерінің тізімін және орналасу схемасын әзірлейді, бояу жұмыстарына арналған объектілердің тізімін жасайды;
- өндіріспен байланысты болған жазатайым оқиғалардың материалдарын ресімдей отырып, жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысады;
- өндірістік жарақаттарды талдайды, өндірістік жарақаттардың алдын алу және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар қабылдайды;
- өндірістік санитария бойынша нұсқаулармен және қажетті басқа да нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді, сондай-ақ өндірістік орындардағы инвентардың болуын және жағдайын бақылайды;
- станцияға жаңа қабылдаған қызметкерлерге техникалық оқу және кіріспе нұсқау жүргізеді;
- «Қауіпсіздік күні» іс-шарасын ұйымдастыруға қатысады;
- еңбек қорғау жөнінде ай сайынғы және жылдық есептерді дайындайды;
- ауа ортасының, микроклиматтың, метрология мен стандартизацияның, санитарлық-техникалық жағдайдың паспортизациясының жай-күйін тексеріп, бағалайды;
- станция қызметкерлерін еңбек қорғау жөнінде оқытуға қатысады;
- цехтарда еңбек қорғау жағдайын және жоспарда көзделген шаралардың орындалуын бақылайды.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі білім).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар; Көліктерді ұйымдастыру, қозғалыс және пайдалану.
- Жұмыс тәжірибесі: мамандық бойынша кемінде 5 жыл инженер лауазымында.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.