«ҚТЖ» АҚ-ның «Шымкент магистральдық желісі» филиалының Ердаут стансасындағы қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы жетекші инженері
- Бас инженер-экономист және өндірістік-техникалық бөліммен бірлесіп, дистанциядағы еңбек жағдайын жақсарту және еңбек қорғау шаралары бойынша кешенді жоспарлар мен іс-шаралар жобаларын дайындау және басшылыққа ұсыну;
- жоғары тұрған басқару органдарының еңбек қорғау жөніндегі нұсқауларын орындау, тексерулер барысында анықталған кемшіліктерді жою және басқару органдарының нұсқауларын орындау бойынша іс-шараларды бөлім басшыларымен бірлесіп әзірлеу;
- ұжымдық шартты дайындау кезінде еңбек қауіпсіздігімен байланысты бөлімдерді әзірлеуге қатысу;
- өндірістік жарақаттарды алдын алу және еңбек жағдайын одан әрі жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- дистанция басшыларымен бірлесіп өндірістік жарақаттарды талдау, өндірістегі жазатайым оқиғаларды алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
- жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 наурыздағы № 326 қаулысымен бекітілген еңбек қызметімен байланысты қызметкерлердің денсаулығына келтірілген жазатайым оқиғалар мен басқа да зиянды тергеу және есепке алу ережелеріне сәйкес материалдарды ресімдеу;
- өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу, белгіленген нысандар мен мерзімдерде еңбек қорғау бойынша есептерді дайындау және ұсыну;
- дистанция басшылығы үшін өндірістік жарақаттарды алдын алу мәселелері бойынша жиналыстарға материалдар дайындау;
- еңбек қорғау бойынша смотр-байқаулар, семинарлар мен оқулар ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
- кәсіпорынның санитарлық-техникалық жағдайын паспортизациялауды ұйымдастыру және жұмыс орындарын аттестаттау және жаңа жабдықтарды пайдалануға енгізу комиссияларына қатысу;
- филиал басшыларымен және мамандарымен бірлесіп жаңа, қауіпсіз жабдықтармен, қауіпсіз еңбек әдістерін әзірлеу және енгізу технологияларымен жабдықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу, жұмыс істейтін адамдарды қауіпті аймақтардан шығаруды қамтамасыз ету.
- жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіз еңбек әдістері бойынша уақтылы және сапалы оқытылуын, инструктаждарды жүргізуді, инструктаждарды тіркеу журналын жүргізуді бақылау; қызметкерлерді еңбек қорғау бойынша оқытуға, жұмысшылардың білімін тексеруге қатысу.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі білім);
- Мамандығы: көлік, көлік техникасы және технологиялар (вагон, локомотив және электроподвижной құрам); көліктерді ұйымдастыру, қозғалыс және пайдалану (теміржол көлігі); электротехника (радио техника, электроника және телекоммуникация); автоматтандыру және басқару; электроэнергетика; стандартизация, метрология және сертификация; өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; құрылыс (теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (технологиялық машиналар және жабдықтар); инженерлік жүйелер; экология; жылу энергетикасы.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет саласы бойынша кемінде 5 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.