«ҚТЖ» ҰҚ АҚ – «Шымкент магистральдық желісі бөлімшесі» Ердаут станциясының филиалының бас инженері
- Станцияда пойыз қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жеке қатысу нормаларын орындайды;
- техникалық құралдардың жұмысындағы бұзушылықтардың, кіреберіс светофорларындағы пойыздың кешігуінің және тыйым салатын сигналдың жағдайларын қарастырады және «ҚТЖ» АҚ-ның тиісті құрылымдық бөлімдеріне әрбір бұзушылық туралы хабарлайды, сондай-ақ техникалық құралдардың тәуліктік жұмысын тұрақты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды;
- «Қауіпсіздік күні» іс-шарасын өткізуге қатысады;
- станция қызметкерлерімен өндірістік қауіпсіздік мәдениетін арттыру, қауіпті әрекеттерді және қауіпті еңбек жағдайларын анықтау, алдын алу және жою, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік талаптарынан ауытқулар мен олардың себептерін анықтау мақсатында әңгімелесу жүргізеді;
- станция шегінде орналасқан құрылыстарды, құрылғыларды және қызметтік-техникалық ғимараттарды, сондай-ақ басты және қабылдау-жіберу жолдарындағы стрелкалық айналдырғыштарды комиссиялық түрде ай сайын тексеріп қарады;
- қысқы жағдайда станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін ұйымдық-техникалық шаралар жоспарлайды;
- тасымал процесін жақсарту үшін жаңа ақпараттық-автоматтандырылған жүйелерді енгізу, дамыту және интеграциялау бойынша іс-шараларға қатысады;
- станцияның жұмыс технологиялық процесін, станцияның техникалық-басқару актісін, қызметтік нұсқаулықтарды және станцияның басқа да жергілікті нұсқаулықтарын әзірлеуге қатысады;
- қажет болған жағдайда станцияның технологиялық процесіне және оған қосымшаларға, станцияның жұмыс технологиялық процесіне, станцияның технологиялық картасына өзгерістер енгізу туралы станция бастығына ұсыныс жасайды;
- станцияның технологиялық процесіне және оған қосымшаларға, станцияның жұмыс технологиялық процесіне, станцияның технологиялық картасына, қолданыстағы жабдықтарға, ПТЭ, ИДП, ИСИ талаптарына сәйкестігін тексереді, қажет болған жағдайда станцияға өзгерістер енгізеді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі білім)
- Мамандығы: Тасымал, қозғалыс және көліктерді пайдалану саласында (теміржол транспорты)
- Жұмыс тәжірибі: кемінде 5 жыл, оның ішінде кемінде 2 жыл өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымында немесе кемінде 3 жыл станциялық/маневралық диспетчер, жоғары сыныптан тыс, 1-2 сыныптан тыс станция кезекшісі лауазымында.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.