"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының Алматы станциясын есепке алу тобының жетекші маманы
Лауазымдық міндеттер:
- құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің жол жүру және іссапар шығындарына қатысты растаушы құжаттардың тиісті түрде ресімделуін қабылдайды және тексереді, сондай-ақ шығындарды SAP_HRP автоматтандырылған жүйесіне енгізеді;
- аралық төлемдерді қаржыландыруға өтінім дайындайды, оның ішінде: демалыс төлемдері, қызметкерлердің жұмыстан шығу жәрдемақысы, іссапар шығындары, іссапар жәрдемақылары, қайтарым төлемдері және құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері мен зейнеткерлеріне әлеуметтік төлемдер;
- құрылымдық бөлімше қызметкерлері мен зейнеткерлеріне төлемдер жүргізу үшін SAP_HRP автоматтандырылған жүйесінде төлем тапсырмалары мен MT пішіміндегі хабарламаларды қалыптастырады;
- SAP HRP автоматтандырылған жүйесінде құрылымдық бөлімше үшін жалақыны есептейді;
- Құрылымдық бөлімше бойынша міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) дұрыс әрі уақтылы ұстап қалуды, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ), зиянды еңбек жағдайлары үшін міндетті зейнетақы жарналарын (ЗЕЖ) және әлеуметтік аударымдарды есептеуді қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары;
- Мамандығы: Бухгалтерлік есеп және аудит; экономика; қаржы
- Еңбек өтілі:өтіліне талап қойылмайды
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.