"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"Қызылорда"филиалының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология секторының бастығы

от 584 596 KZT
ТОО «КТЖ-Грузовые перевозки»-«Қызылорда» Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Вакансия приостановлена
Құрылды:

Берілген өтінім:
26

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Жазатайым оқиғаларды қарастыруға қатысады және олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлейді;
  • Филиалдың құрылымдық бөлімшелері мен кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша Компанияның, Серіктестіктің және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сақталуына бақылау жүргізеді;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология мәселелері бойынша филиалдың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, бөлім қызметкерлеріне басшылық жасайды;
  • Арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныс құралдарын қабылдау жөніндегі комиссия жұмысына қатысады;
  • Филиал қызметкерлеріне барлық түрдегі нұсқамаларды өткізуді қамтамасыз етеді, нұсқамалардың өткізілуіне бақылау жасайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі:  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).;
  • Мамандығы: көлік, көлік техникасы мен технологиясы (вагондар, локомотивтер және электр пойыз құрамдары), тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігі), электр техникасы, электроника және телекоммуникациялар, автоматтандыру және басқару, электр энергетикасы, стандарттау, метрология және сертификаттау, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, құрылыс (құрылыс өндірісі, жолдар және жол шаруашылығы), көлік құрылысы, машина жасау (технологиялық машиналар мен жабдықтар), инженерлік жүйелер, экономика.
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымында кемінде 3 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.