"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының Атырау станциясын есепке алу тобының жетекші маманы
Лауазымдық міндеттер:
- Қызмет көрсетілетін филиалдың құрылымдық бөлімшелері ұсынатын бастапқы бухгалтерлік құжаттар мен өзге де құжаттардың дұрыс ресімделуін қадағалайды;
- бухгалтерлік есеп жүйесінде кіріс операцияларын тіркейді және салыстыру актісін қалыптастырады;
- бастапқы құжаттарды дайындау кезінде қателер анықталған жағдайда контрагенттермен мәселелерді шешеді;
- бастапқы құжаттар негізінде SAP RWP жүйесінде шығыстарды тіркейді;
- қызмет көрсетілетін филиалдың құрылымдық бөлімшелері үшін IS ESF жүйесінде электрондық шот-фактуралардың уақтылы және дәл ресімделуін қамтамасыз етеді;
- 1 және 2-қызметтерге тапсырыстарды қалыптастырады және шот-фактураларды ЭШФ АЖ-ға экспорттайды;
- SAP RWP жүйесінде дебиторлық берешек бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары.
- Мамандығы: Бухгалтерлік есеп және аудит, Қаржы, Экономика.
- Жұмыс тәжірибесі: Алдын ала тәжірибе талап етілмейді.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.