Поезд құрастырушы, 2-санаттағы Аса станциясы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Жамбыл магистральдіқ желі бөлімшесі филиалы

от 249 274 KZT
Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Ауысымдық жұмыс кестесі
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
5

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

Маневрлік құрамдағы вагондардың дұрыс байланысқанын тексереді. Адамдармен, өлшемнен асатын және қауіпті жүктермен жүретін вагондармен маневрлік жұмыстарды ерекше абайлап орындайды. Станциялық және қосалқы жолдарда автоматты тежегіш қосылған және тексерілген жағдайда, маневрлік жұмыстарды бір адаммен, жол қозғалысының және жеке қауіпсіздіктің толық қамтамасыз етілуімен орындайды. Орталықтанбаған рельс ауысына жақындағанда маневрлік құрамды тоқтатады, рельс ауысын қажетті жағдайға орнатады, штырлы құлпымен (ілмелі құлыппен) бекітеді. Остияқтың рамалық рельске тығыз тиюін және бекітуші закладканың мықты жабылуын тексереді. Осыдан кейін локомотив машинистіне алға жылжу туралы сигнал береді. Штыр немесе закладка болмаған жағдайда вагондарды жөнелту және қабылдау жүргізілмейді. Қосалқы жолдан, остияғы қажетті бағытқа қаратылған (сброс) жолдан шыққанда, поезд құрастырушы рельс ауысынан өткеннен кейін міндетті түрде тоқтап, остияқты қажетті жағдайға орнатып, содан кейін ДСП-ға, ДСПЦ-ге есеп береді. Станциялық және қосалқы жолдарда маневрлік жұмыстар орындалғанда тежегіш башмақтарын орнату және алу жұмыстарын жүргізіп, содан кейін өз міндеттік шеңбері бойынша ДСП-ға, ДСПЦ-ге есеп береді. Маневрлік локомотив машинистімен, ЭЦ-4 санатының операторымен және ДСП-мен радиобайланыстың дұрыс жұмыс істеуін тексереді. Станцияның ТРА-да көрсетілгендей радиобайланыстың тұрақсыз жұмыс істеу жағдайында, алдын ала машинистті хабардар етіп, байланысты қол сигналдары мен дыбыстық сигналдар арқылы жүргізеді. Маневрлік жұмыстарды және подвижной құрамды бекіту кезінде радиостанция бойынша келісу ережесін қатаң сақтауға міндетті.

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта білім және бекітілген бағдарлама бойынша арнайы дайындық.
Жұмыс өтілі: поезд құрастырушының көмекшісі немесе вагон жылдамдығын реттеуші лауазымдарында кемінде 1 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.