Электромеханик аға (сигнализация, централизация және блоктау, аға, ст.Ердаут - 1 бірлік, ст. Мактаарал - 1 бірлік) Арыс сигнализация және байланыс дистанциясы

380 000 - 397 000 KZT
Арысская дистанция сигнализации и связи Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
0

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

*бригада үшін айлық жұмыс кестесі мен технологиалық процестің кестесін жасап, соған сәйкес өз жұмысын ұйымдастырады,
*контроль жазбасын ДУ-46 және ШУ-2 журналында дұрыс жүргізу нормаларын анықтайды,
*анықталған кемшіліктерді жою мерзімі мен әдістері туралы нұсқаулар береді,
*тексерулер нәтижесінде ШУ-2 журналына жазба жасайды,
*ай сайынғы тексерулер кезінде техникалық құжаттардың жағдайын тексеріп, ШУ-2 журналына жазып отырады,
*үш жыл сайын техникалық құжаттардың құрылғыларға сәйкестігін тексереді,
*қолданыстағы құрылғыларда өзгерістерді жеке орындап, бекітілген принциптік және монтаж схемалары бар болса, олардың дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексереді,
*сигналдардың көрінетіндігін тексеріп, акт береді.

Қосымша талаптар:

*заводтағы жұмысшылармен техникалық сабақтар өткізеді,

*цех жұмысы туралы жазбаша есеп береді,

*айлық комиссиялық тексерулерге станцияларда қатысады,

*жыл сайын ақауларды іздеу және жою бойынша практикалық қабылдау жоспарларын жасайды,

*учаскеде өрт және электр қауіпсіздігі шараларының орындалуын қамтамасыз етеді.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.