"Кедентранссервис" АҚ Алтынкөл станциясы бойынша филиалының бас инженері
- Жабдықтардың барлық түрлерінің апатсыз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету;
- жүк көтергіш техниканы, өндірістік объектілерді пайдалану, жөндеу, салу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі нормативтерді бақылау және орындау;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын сақтау және қамтамасыз ету;
- жүк учаскесінің электр энергиясын, су, жылу, коммуникациялық жүйелерін және кәріз желісін тиімді пайдалануды, сапалы, жарамды жұмысын қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау;
- машиналар мен механизмдердің дұрыс пайдаланылуын және оларды күрделі жөндеуге қоюды бақылауды жүзеге асыру;
- қосалқы бөлшектермен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, ЖЖМ, Отын және электр энергиясын тұтынудың техникалық негізделген нормаларын енгізеді, олардың орындалуын бақылайды;
- жүк көтергіш машиналардың, көлік құралдарының, электр қондырғылары мен кірме жолдардың жарамды жай-күйін, қауіпсіз пайдаланылуын және жөнделуін қамтамасыз ету;
- терминалдарды, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі салу және жөндеу жоспарларын сапалы орындау.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; логистика; Автоматтандыру және басқару; электр энергетикасы; Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.