"ҚТЖ" ҰК "АҚ - "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалының техникалық саясат және өндірістік қауіпсіздік тобының бас менеджері (17 грейд)

от 491 435 KZT
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция автоматизации и цифровизации» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Кемінде 3 жыл Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
17

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Сапа саласындағы саясатқа сәйкес менеджменттің интеграцияланған жүйесін әзірлеуді, енгізуді және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады;
  • бөлімнің функцияларына қатысты мәселелер бойынша компания бөлімшелерімен және ЦДАО-мен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
  • әзірлеуді, қатысушы бөлімдермен келісуді, жоспарлы тапсырмаларды орындаушыларға жеткізуді бақылауды қамтамасыз етеді;
  • жоспарлы тапсырмалардың белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етеді; 
  • негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, аяқталмаған құрылысты (ОС, ҰМА, НЗС) қабылдау және есептен шығару жөніндегі жұмыс комиссиясына қатысады;
  • бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын (ОТ және ТБ), өрт қауіпсіздігі ережелерін, өндірістік санитарияны, ішкі еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
  • кәсіпорында жарақаттанудың алдын алуға бағытталған еңбекті қорғау жөніндегі кешенді жоспарды келіседі.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Экономика және басқару (темір жол көлігі); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; құрылыс (темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар); инженерлік жүйелер; Экология
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.