маляр
Лауазымдық міндеттер:
- Қызметкердің негізгі еңбек міндеттеріне мыналар жатады:
- Іскерлік әдеп кодексінде көзделген міндеттерді сақтау;
- еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;
- осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген еңбек міндеттерін сапалы және уақтылы орындау;
- құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарларын орындау;
- басшылықтың тапсырмаларын орындау;
- қызметтік құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау кезінде бюрократизм көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ олар бойынша Компанияның жергілікті актілерінде белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдану;
- жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормалармен белгіленген іскерлік әдеп пен корпоративтік мәдениет нормаларын сақтау;
- еңбек шартының, корпоративтік басқару кодексінің және Компанияның (жұмыс берушінің) басқа да жергілікті актілерінің талаптарын сақтау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарын, мемлекеттік органдардың, Жалғыз акционердің актілерін және Компания қызметіне қатысты басқа да құжаттарды сақтау;
- құпиялылық нормаларын және Компанияның жергілікті актілерін бұзбай, шынайы ақпаратты уақтылы ұсыну;
- өзінің пайдалануындағы мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
- жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
- жұмыс орнында арнайы киіммен болу;
- функцияларды орындауға тікелей бағытталған міндеттерді сақтау (барлық функциялар жұмыс күні ішінде орындалады):
- 1 Беттерді қарапайым немесе жақсартылған сылақпен қаптау және сылақты жөндеу, сылаққа күтім жасау.
- 2 Беттерді тұтастай тегістеу. Механикаландырылған құралмен беттерге кертік салу (насечка).
- 3 Цемент, гипс және басқа негіздердегі құрғақ құрылыс қоспаларынан ерітінділер дайындау.
- 4 Қораптарды және ірі панельді қалқалардың жанасу жерлерін тығыздап шегелеу (оконопачивание).
- 5 Сылақты қайта ысқылау (перетирка). Сылақ бетін темірлеу (железнение).
- 6 Беттерді маяктар бойынша тегістеу (промаячивание) және оларды полимерлермен қорғай отырып торкреттеу.
- 7 Ерітінді сорғысының (растворонасос) көмегімен бетке сылақ ерітіндісін жағу.
- 8 Жоғары сапалы сырлау жұмыстары үшін құмсыз тегістеу (накрывка) қабатын жасау.
- 9 Құрама темірбетон жабын плиталары мен қабырға панельдері арасындағы жіктерді өңдеу (разделка швов).
- 10 Қабырғаларға және басқа беттерге ерітіндіні механикаландырылған түрде жағу, сылақтың соңғы әрлеуін (финишная штукатурка) орындау.
- 11 Клапандар мен жалюзилерге арналған жақтауларды орнату және бекіту. Тұрғын үй желдеткіш құрылғыларын олардың жұмысын тексере отырып орнату және аспалар мен кронштейндерді нығайту.
- 12 Әрлеу қабатын ысқылау. Жақтауларды майлы бояумен сырлау.
- 13 Беттерді қолмен және механикаландырылған құралмен шпатлеу, олифтау және тегістеу (грунтование).
- 14 Шпатлевка қоспасын тегістеп жаю. Беттерді қылқаламмен, білікшелермен (валик), қолмен басқарылатын бүріккіштермен, механикаландырылған құралдармен және жоғары қысымды агрегаттармен тегістеу (грунтование).
- 15 Тұсқағаз жиектерін кесу. Тұсқағаздарды станокта пакеттік пішу. Қабырға беттерін қағазбен, қарапайым және орташа тығыздықтағы тұсқағаздармен, маталармен, жоғары сапалы тұсқағаздармен, дерматинмен, ағаш тұсқағаздармен және т.б. қаптау (жабыстыру).
- 16 Жұмыс аяқталғаннан кейін сылақ және сырлау механизмдері мен құралдарын жуу.
Біліктілік талаптары:
- Құқықтары
- Қызметкердің белгіленген тәртіппен мыналарға құқығы бар:
- кәсіби міндеттерін орындау үшін жағдай жасауды, соның ішінде қажетті жабдықтармен, мүкәммалмен, санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес келетін жұмыс орнымен қамтамасыз етуді және т.б. талап етуге;
- өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан денсаулығы зақымданған және кәсіптік ауруға шалдыққан жағдайларда медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуға жұмсалатын қосымша шығыстарды төлетуге;
- кәсіпорын басшылығының оның қызметіне қатысты шешімдерінің жобаларымен танысуға, серіктестіктің ұжымдық шартын талқылауға және қабылдауға қатысуға;
- кәсіпорын басшылығының қарауына өзі орындайтын жұмысты ұйымдастыруды жақсарту және әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
- өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, құралдарды және т.б. жеке өзі немесе тікелей жетекшісінің тапсырмасы бойынша сұратуға;
- өзінің кәсіби біліктілігін және өз мамандығы бойынша білімін арттыруға;
- еңбек заңнамасында көзделген басқа да құқықтарға.
Қосымша талаптар:
- Құқықтары
- Қызметкердің белгіленген тәртіппен мыналарға құқығы бар:
- кәсіби міндеттерін орындау үшін жағдай жасауды, соның ішінде қажетті жабдықтармен, мүкәммалмен, санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес келетін жұмыс орнымен қамтамасыз етуді және т.б. талап етуге;
- өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан денсаулығы зақымданған және кәсіптік ауруға шалдыққан жағдайларда медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуға жұмсалатын қосымша шығыстарды төлетуге;
- кәсіпорын басшылығының оның қызметіне қатысты шешімдерінің жобаларымен танысуға, серіктестіктің ұжымдық шартын талқылауға және қабылдауға қатысуға;
- кәсіпорын басшылығының қарауына өзі орындайтын жұмысты ұйымдастыруды жақсарту және әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
- өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, құралдарды және т.б. жеке өзі немесе тікелей жетекшісінің тапсырмасы бойынша сұратуға;
- өзінің кәсіби біліктілігін және өз мамандығы бойынша білімін арттыруға;
- еңбек заңнамасында көзделген басқа да құқықтарға.
Бағыттар бойынша жұмыс тәжірибесі
Қызметкерлер құрамы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.