Жүк және багажды қабылдаушысы Ащиголь станциясы 4-ші класс «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШҚ-сы – «Ақмола» филиалы.

226 466 - 236 355 KZT
ТОО «КТЖ-Грузовые перевозки»-«Ақмола» Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Ауысымдық жұмыс кестесі
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
0

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

Сағат 8:45-те және 20:45-те кезеңге кіргенде, ауысыма жұмыс жоспарымен, жол жағдайымен, келіп түсетін телеграммалармен танысу үшін және қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша нұсқау алу үшін жоспарлы жиналыстарға қатысуы тиіс; Жол бойындағы станциялардан түсетін жалпы үлгідегі актілерді қабылдау, ГУ-78, ГУ-44, ГУ-36, ГУ-34, ГУ-2 тізімдерін жүргізу. Жүк тиелген вагонды түсіруге, бос вагонды жүк тиеуге коммерциялық тұрғыдан тапсыру, тиісті құжаттарды ресімдеу, сондай-ақ түсірілгеннен және жүк тиелгеннен кейін оларды қабылдау. Вагонның жүк көтеру қабілеті мен сыйымдылығының толыққанды пайдаланылуын, вагонның қосым жолдардағы тұру нормаларын орындауын бақылау. Вагон тізімдерін, жалпы үлгідегі актілерді, вагонды беру және алып қою туралы еске салғыштарды, вагонды беру және алып қою тізімдерін және басқа да құжаттарды сапалы және уақтылы ресімдеу, ЦФ-3504 станциялық коммерциялық есептілікті жүргізу жөніндегі Нұсқаудың ережелерін ескере отырып. Вагонды қосым және станциялық жолдарда тұрғызу тізімі бойынша, ГУ-2 жалпы үлгідегі актілері бойынша тіркеу. Қажет болған жағдайда жүк беруді жүзеге асыру, жүк беру нәтижесі бойынша уақтылы ақпарат беру, актілік-шағымдану жұмысы бойынша нұсқауға сәйкес есеп дайындау. Нақты және ұқыпты түрде операциялық кітаптарды және белгіленген үлгідегі басқа да құжаттарды жүргізу. Жүк тиеу және түсіру кезінде вагон паркінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша бақылау жүргізу, клиенттердің кінәсінен зардап шеккен вагонға жалпы үлгідегі акт жасау. Тасымалдау ережелерін бұзу және басқа да жағдайлар бойынша жалпы үлгідегі акт жасау, тасымалдау процесін жоспарлау, жүзеге асыру, жүк тасымалымен байланысты операциялар, құжаттарды ресімдеу және акт жасау, арнайы зерттеулер мен сараптама жүргізу бойынша ережелер мен технологияға сәйкес. Вагонды беру және алып қою туралы еске салғыштарды, вагонды беру және алып қою тізімдерін, жалпы үлгідегі актілерді уақтылы түрде тауар кассасына тапсыру, одан әрі жүк алушылар-жіберушілермен есептесу үшін. Белгіленген үлгіде киінуі керек, өзімен бірге қызметтік куәлігін, еңбек қорғау білімін тексеру куәлігін алып жүруі керек.

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта білім (техникалық және кәсіби) Мамандығы: Теміржол көлігінде жүк тасымалын ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Теміржол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыс. Жұмыс тәжірибесі: талаптар қойылмайды.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.