Ревизор-талдаушы (РЦУП-1 Актобе) орналасуымен
Лауазымдық міндеттер:
- Пойыздар қозғалысы кестесінің сақталуына, пойыздардың жөнелтілуі, жүріп өтуі және келуі бойынша кешігулерді дұрыс жатқызуға, сондай-ақ ДУ-12 нысаны бойынша есептіліктің дұрыс жасалуына жүйелі бақылау жүргізеді
- Жолаушылар және жүк пойыздарының орындалған қозғалыс кестесіне толық талдау жүргізеді, жолаушылар және жүк пойыздары бойынша ДУ-26 және ДУ-27 нысандарындағы кітаптардағы жазбалардың дұрыстығын тексереді
- ТЧЭ жауапты тұлғаларға ДУ-12 нысаны бойынша анықтамаларды жұмыс жүргізу үшін жолдайды және олардың орындалуын талап етеді
- Тіркеулерге, статистикалық ақпарат пен есептерінің бұрмалануына жол бермеу және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды, сондай-ақ есепке алуды жүргізу тәртібінің өзге де бұзушылықтарына жол бермеуді қамтамасыз етеді
- Локомотив бригадаларының тиімсіз пайдаланылуын есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады, оны жою бойынша жедел шаралар қабылдайды
- ТЧЭ және ГПТ жедел ақпаратты қалыптастыруды және беруді жүзеге асырады, есепке алу және есептілік деректеріне өзгерістерді уақтылы енгізеді
- Пойыздардың келуі, жөнелтілуі және жүріп өту көрсеткіштері, сондай-ақ пойыздар қозғалысының орындалған кестесінің орындалуы туралы анықтамалық және талдамалық ақпаратты қалыптастырады және ұсынады
Біліктілік талаптары:
• Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім)• Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру (теміржол көлігі); Локомотивтер және локомотив шаруашылығы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары
• Жұмыс өтілі: Локомотив паркін басқару және реттеу жөніндегі аға диспетчер/бағыт бойынша тасымалдауды басқару жөніндегі аға диспетчер/өңірлік деңгейдегі аға диспетчер (аға диспетчердің орынбасары)/локомотив аға диспетчері/жол бөлімшесі (тасымалдар) бойынша кезекші/пойыз диспетчері/локомотив диспетчері/кластан тыс, 1 және 2 класс станциялары бойынша кезекші лауазымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы тиіс
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.