Локомотив депосының диспетчері (РЦУП-1 Актобе)
Лауазымдық міндеттер:
1. Локомотивтердің болуы, техникалық жай-күйі және орналасуы бойынша үздіксіз бақылауды жүзеге асырады2. Қозғалыстың барлық түрлері бойынша локомотивтердің тәуліктік және ауысымдық жұмыс жоспарының орындалуын бақылайды
3. Локомотивтердің техникалық жай-күйін, олардың белгіленген айналым тәртібін және учаскелердегі локомотивтерге қажеттілікті ескере отырып, оларды ұтымды бөлуді қамтамасыз етеді
4. Локомотивтердің пойыздарға уақтылы тіркелуін бақылайды және жарамды локомотивтердің негізсіз жұмыссыз тұрып қалуына жол бермейді
5. Локомотив бригадаларына, олардың жұмысқа келуіне, жұмыстың басталу және аяқталу уақытына, жұмысты күту уақытында болуына, белгіленген еңбек және демалыс режимінің сақталуына жедел бақылауды жүзеге асырады, бригадалардың белгіленген жұмыс ұзақтығынан негізсіз асып кетуіне жол бермейді
6. Пойыздың жөнелтілуі кешіктірілген жағдайда, оның себебін уақтылы анықтайды және локомотив бригадасын ұтымды пайдалану бойынша жедел шаралар қабылдайды
7. Локомотив бригадаларының жұмыс уақытын жоғалту, пойыздарды уақтылы бермеу және жөнелтуді ұзақ күту, бригадаларды уақтылы ауыстырмау, негізсіз ауыстыру және бригадаларды реттеу тәртібін бұзу себептерін анықтайды
Біліктілік талаптары:
• Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім)• Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы);
• Жұмыс өтілі: еңбек өтіліне талаптар қойылмайды
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.