"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Алматы магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Достық жол дистанциясының 5 сыныпты Көктұм станциясы № 9 желілік учаскесінің жол шебері

464 105 - 487 483 KZT
Достық жол дистанциясы Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
2

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Жолдың жоғарғы құрылысын, бағыттамалық бұрмаларды, жер төсемін, жасанды құрылыстар мен жұмыс учаскелерін уақтылы тексеруді ұйымдастыру;
  • Теміржол инфрақұрылымы мен негізгі құралдарды ағымдағы ұстау және жөндеу бойынша жоспарлы тапсырмалардың белгіленген мерзімде сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
  • Бір мезгілде еңбек өнімділігін арттыра отырып, жөнделген учаскелер мен объектілерді уақтылы пайдалануға беру;
  • Жол машиналары мен механизмдерінің техникалық мүмкіндіктерін барынша жүктеу және тиімді пайдалану есебінен жұмыстардың еңбек сыйымдылығын төмендету;
  • Жұмыс өндірісі технологияларының сақталуын бақылау, НКТ қағидаттарын енгізу және материалдарды, отын мен энергияны ұтымды жұмсауды қамтамасыз ету;
  • Жоспарлы көрсеткіштер мен өндірістік тапсырмаларды бригадаларға жеткізу, сондай-ақ олардың еңбегі мен ресурстарын пайдаланудың түпкілікті нәтижелерін бағалау;
  • Қызметкерлерді еңбек жағдайларымен, өндіру нормаларымен және бағаларымен таныстыруды қоса алғанда, жұмыс басталғанға дейін орындаушыларға наряд-тапсырмалар мен кесімді нарядтар беру.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары, орта (техникалық және кәсіптік), белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық;
  • Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер және көлік тоннелдері) Көлік құрылысы;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл (жоғары білімі болған кезде), кемінде 3 жыл (орта техникалық және кәсіптік білімі болған кезде), кемінде 4 жыл (белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлығы болған кезде).

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.