«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «Алматы» филиалының Достық станциясы (Достық ДС) өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы

от 503 670 KZT
Достық станциясы (Достық ДС) Достық а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
2

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және маневрлік жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен орындауды бақылау;
  • Станциялардың технологиялық процесін, технологиялық карталарын, техникалық-өкімдік актісін (ТРА) әзірлеуді, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізуді бақылау;
  • Станцияларды поездық және техникалық құжаттамамен, тежегіш табандықтармен, тасымалданатын радиостанциялармен және сигналдық шамдармен қамтамасыз етуді бақылау;
  • Станциялық шаруашылық объектілері мен құрылыстарына маусымдық көктемгі және күзгі тексерулер жүргізу жөніндегі комиссияларға қатысу;
  • Станция шекарасындағы құрылғылар мен құрылыстарды дамытуға және реконструкциялауға қатысу, сондай-ақ ғимараттар мен объектілердің техникалық жай-күйіне мониторинг жүргізу;
  • Ағымдағы және күрделі жөндеуді, жаңа құрылысты жоспарлауға, сондай-ақ ақаулық актілерін, техникалық тапсырмаларды, ТЭН-ді, жобалар мен сметаларды ресімдеуге, қарауға және келісуге қатысу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технология; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану;
  • Жұмыс тәжірибесі: жетекші инженер лауазымында кемінде 3 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.