"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жолды диагностикалау орталығы" филиалының тарту-энергетикалық зертханасының тарту өлшемдері бойынша жетекші инженері

от 441 859 KZT
"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Жолды диагностикалау орталығы" филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
6

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Локомотивтердің жылу техникалық және тарту-энергетикалық сынақтарын жүргізу әдістемелері мен схемаларын әзірлеу;
  • бастапқы датчиктерді (ток, кернеу, қысым, температура) локомотив тізбектеріне қосудың дұрыстығын бақылау;
  • қозғалыс процесіндегі жылжымалы құрамның тарту және тежеу сипаттамаларының үздіксіз мониторингі;
  • поезд қозғалысына негізгі және қосымша кедергіні бекіту және есептеу;
  • дизель-генераторлық немесе тартымдық қондырғылардың қуатын пайдалану тиімділігін талдау;
  • жүру жолында отын-энергетикалық ресурстардың (электр энергиясының немесе дизель отынының) шығысын бақылау;
  • тежегіш сынақтарын жүргізу (тежегіш жолының ұзындығын, үйкеліс коэффициенттерін анықтау);
  • БӨА реттеушісімен бірге өлшеу арналарына динамикалық калибрлеу жүргізу;
  • сапар барысында алынған осциллограммалар мен кестелерді сараптамалық ашып жазу және валидациялау;
  • сыналатын локомотивтердің күштік агрегаттарының жасырын ақауларын немесе дұрыс жұмыс істемеуін анықтау;
  • тексерілетін машиналардың техникалық жай-күйі мен тартымдық қасиеттері туралы сараптамалық қорытындылар жасау.

Біліктілік талаптары:

  • Образование: высшее (или послевузовское).
  • Специальность в сфере: Транспорт транспортная техника и технология; Строительство железных дорог, путь и путевое хозяйство; Техническая эксплуатация подъемно-транспортных, строительных, дорожных машин и оборудования; Эксплуатация, ремонт и техническое обслуживание подвижного состава железных дорог; Радиотехника, электроника и телекоммуникации и/или ж.д. специальности.
  • Опыт работы: не менее 3 лет в сфере диагностики или путевом хозяйстве.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.