Қарағанды филиалының жүктерді тиеп және түсіруді қамтамасыз ету бөлімінің диспетчері

от 380 355 KZT
«Қазтемiртранс» АҚ Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Ауысымдық жұмыс кестесі
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
10

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Темір жол тасымалы процесіне қатысатын негізгі кәсіпорындарының техникалық тиеу жоспарын орындау үшін Филиал станцияларындағы жүк жұмыстары туралы ақпаратты жинайды;
  • «Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі жүктерді тиеу бойынша бекітілген жоспарға сәйкес Филиал станцияларында «Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі вагондарды тиеу-түсіру жұмыстарын бақылайды және есепке алады;
  • Мәлімденген жүктерді тиеу үшін тұтынушылардың кіру жолына вагондардың уақытылы жөнелтілуін қадағалайды;
  • Жергілікті жүктердің орындалу есебін жүргізеді (жүктер балансы, тиелген вагондардың келуі, жүктерді межелі станцияларға жеткізілуі);
  • Вагонды жалға алу белгілерін, вагондарға меншік құқығын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде вагондарды пайдалану талаптарының сақталуын АСУЖТ WinTerm темір жол жүйесіне полигонға қою мерзімдерін тексереді және бақылайды.

Біліктілік талаптары:

Қарағанды филиалының жүктерді тиеп және түсіруді қамтамасыз ету бөлімінің диспетчері (Қарағанды қ.)
жоғары

Көлік, көліктік техника және технологиялары (Вагондар және вагондық шаруашылық); көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (теміржол көлігі).
Тиісті салада кемінде 2 жылдық жұмыс тәжірибесі

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.