"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жобалау-талдау орталығы" филиалы Технологиялық шешімдер және инновациялар департаментінің бас менеджері (16 грейд)
Лауазымдық міндеттер:
- Әлеуетті қаржыландыру көздерін (инвесторлар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, венчурлық қорлар, халықаралық қаржы институттары) талдайды;
- Бөлімнің технологиялық және инновациялық жобалары бойынша инвестициялық ұсыныстарды қалыптастырады;
- Инвесторлармен, қаржы институттарымен және стратегиялық серіктестермен келіссөздерге қатысады;
- Инвестициялық жобаларды бекітудің барлық кезеңдерінде қолдайды;
- Инвестициялық жобаларды құрылымдау бойынша ішкі бөлімдермен өзара іс-қимыл жасайды;
- Инвестициялық келісімдердің қаржылық және қаржылық емес шарттарын талдайды;
- Басқарманың инвестициялық бастамалар портфелін шоғырландырады;
- Қоғам басшылығы деңгейінде инвестициялық бастамаларды қарау үшін материалдарды дайындайды;
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің технологиялық инновацияларды/шешімдерді енгізу бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
- Департамент құзыреті шегінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының қызметкерлеріне консультациялар береді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Экономика; Қаржы; Есеп және аудит; Менеджмент, Маркетинг, Юриспруденция; Халықаралық құқық; Ақпараттық жүйелер; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу; Дизайн, Графикалық дизайн; Математика; Информатика; Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы), Автоматтандыру және басқару; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі).
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.