«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «Алматы» филиалының Достық станциясы (Достық ДС) өндірістік-техникалық бөлімінің инженері (1 санат)
- Қызметкерлердің ТРА талаптарын, станцияның технологиялық процесін, техникалық құжаттаманы жүргізу қағидаларын және жазбаларды ДУ-46 нысанындағы журналға уақтылы көшіруді сақтауын бақылайды;
- Поездарды қабылдау, жөнелту, маневрлер жүргізу, вагондарды бекіту қағидаларының орындалуын және құрамдарды қалыптастырудың дұрыстығын тексеру;
- Сұрыптау төбешігінің жұмыс технологиясының сақталуын қадағалау;
- Достық станциясының басшылығына және құқық қорғау органдарына жолдардағы бөгде адамдар және материалдық құндылықтарды ұрлау әрекеттері туралы жедел хабарлауға;
- Ресурс үнемдейтін технологияларды енгізуге, өндірісті және жаңа буын жүйелерін автоматтандыруға қатысу;
- Интеграцияланған менеджмент жүйесінің (МАЖ) сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- ЖЖМ, су, жылу және электр энергиясын тиімді пайдалануды бақылау.
- Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
- Жұмыс тәжірибесі; поездық диспетчер/станция бойынша кезекші/станция инженері (технологиялық процесс және станцияның ТРА, АБЖ бойынша )/поездық ақпаратты және тасымалдау құжаттарын өңдейтін станциялық технологиялық орталық бастығы/поездық ақпаратты және тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.