"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Ақтөбе машиналандырылған жол дистанциясы" филиалы Ақтөбе өндірістік учаскесінің жол машиналарының бастығы

501 233 - 526 481 KZT
Актобинская машинизированная дистанция пути Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Кемінде 3 жыл Толық жұмысбастылық, Ауысымдық жұмыс кестесі
Вакансия приостановлена
Құрылды:

Берілген өтінім:
5

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Жол жұмыстарын орындау кезінде жол машиналарының технологиялық процестерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Пайдалану, жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және электр қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын, сондай-ақ жұмыс орнында өрт қауіпсіздігі талаптары мен өндірістік санитария нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жол машиналары кешенінің тұрақты жұмысын және оған басшылық жасауды қамтамасыз етеді, құрылғы жұмыс істеген кезде жұмыстардың сапалы орындалуын, оны жұмыс және толық көліктік жағдайға келтіруді, машинаның, оның жұмыс органдарының және күштік қондырғысының жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіби).
  • Мамандығы: Көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы.
  • Жұмыс тәжірибесі: жол машинасының машинисі лауазымында кемінде 3 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.