ҚТЖ ҰК АҚ филиалы - Алматы магистральдық желі бөлімшесінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жетекші инженері

409 129 - 423 515 KZT
Алматы магистральдық желі бөлімшесі Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
8

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • жұмыскерлердің қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтауын, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ және ҰҚҚ) дұрыс қолдануын бақылау;
  • құрылғылардың, машиналардың, механизмдердің, электр қорғаныс және сақтандыру құралдарының сынақ мерзімдерінің сақталуын бақылау;
  • жұмыскерлерді жеке қорғаныс құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етуді бақылау;
  • өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуге, олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу, зардап шеккендердің есебін жүргізу және өндірістік жарақаттану себептерін талдау;
  • еңбекті қорғауға жұмсалған қаражаттың игерілуі туралы есептерді жасау, ұйымдағы қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың жалпы жағдайын талдау, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсарту жоспарларының орындалуы туралы есептілікті дайындау;
  • кіріспе нұсқаулық бағдарламаларын әзірлеу, оны жаңадан қабылданған жұмыскерлермен, іссапармен келген персоналмен, сондай-ақ өндірістік оқытуға немесе практикаға келген студенттермен және білім алушылармен өткізу;
  • жұмыскерлердің қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеру кестелерін жасау, нәтижелердің тиісінше ресімделуін қамтамасыз ету және персоналдың уақтылы оқытылуын бақылау;
  • өндірістік қауіпсіздік жағдайын бірлес тексерулерге қатысу, цехтарда, учаскелерде, шеберханаларда ішкі бақылаудың уақтылы жүргізілуін және тексеру нәтижелерінің дұрыс ресімделуін бақылау.

Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Сала бойынша мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрамы); Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электр техникасы (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржолдар құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет профилі бойынша кемінде 5 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.