«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Магистральдық желінің Алматы бөлімшесі» филиалы Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы Алматы ст. 2-топ учаскесінің (электрмен жабдықтау ауданының) бастығы

464 105 - 487 483 KZT
Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
3

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • қызмет көрсетілетін аудан шегінде электрмен жабдықтау құрылғыларының сенімді, үздіксіз жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  • жабдықтарға, электр желілеріне, трансформаторлық қосалқы станцияларға, сондай-ақ электр беру желілеріне техникалық қызмет көрсетуді және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру;
  • электрмен жабдықтау ауданының персоналына басшылық ету, соның ішінде кадрларды ұтымды орналастыру, өндірістік тапсырмалар беру және олардың орындалуын бақылау;
  • жабдықтар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бақылау, уақтылы тексерулерді, сынақтарды және өлшеулерді ұйымдастыру;
  • бекітілген өндірістік жоспарлар мен техникалық іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру;
  • белгіленген техникалық және өндірістік құжаттаманың жүргізілуін және сақталуын қамтамасыз ету;
  • апаттық жағдайларды жоюды жедел ұйымдастыру.

Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)/орта техникалық, орта кәсіптік;
  • Сала бойынша мамандығы: Темір жол көлігіндегі электр энергетикасы; Электр энергетикасы; Электрмен жабдықтау; Темір жолдардың электротехникалық жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; Электр станциясының, қосалқы станциялардың және желілердің электр жабдықтары, салалар бойынша электрлік және электромеханикалық жабдықтар; Электрлік және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу;
  • Жұмыс тәжірибесі: электромеханик лауазымында кемінде 1 жыл/электромеханик лауазымында кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.