ҚТЖ ҰК АҚ - Алматы магистральдық желі бөлімшесі филиалының Ұштобе электрмен жабдықтау бекетінің бас инженері
- қызмет көрсетілетін учаскеде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- техникалық құралдарды жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесінің орындалуын бақылау;
- электрмен жабдықтау құрылғыларының сенімділігін арттыру бойынша жұмыс жоспарының іске асырылуын бақылау;
- Дистанция объектілерінің, ғимараттарының, құрылыстарының және негізгі құралдарының техникалық жай-күйін бақылау;
- Дистанция қызметкерлерінің еңбегінің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету және тауарлы-материалдық құндылықтардың сақталуы үшін жағдай жасау;
- Дистанцияның өзге қызметі бойынша жұмыстар мен қызметтерге жұмсалған шығындардың экономикалық негіздемесі бар есептерін уақтылы және дұрыс ұсынуды бақылауды ұйымдастыру.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Сала бойынша мамандығы: Теміржол көлігіндегі электр энергетикасы;
- Жұмыс тәжірибесі: басқарушы лауазымдарда кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.