"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты "ҰК" АҚ өндірістік бақылау қызметінің бастығы
Лауазымдық міндеттер:
- Қауіпті өндірістік объектілерде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігінің жай-күйін жоспарлау және тексеру;
- анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау;
- аварияларды, инциденттерді және бұзушылықтарды есепке алуды және талдауды ұйымдастыру;
- аварияларды, инциденттерді және жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу;
- өндірістік бақылау бойынша есептілікті дайындау;
- қауіпті өндірістік объектілерді тіркеуді және декларациялауды ұйымдастыру;
- өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жүргізуді үйлестіру;
- аварияларды жою жоспарларын әзірлеуді және қайта қарауды ұйымдастыру;
- оқу дабылдарын, аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығуларды жүргізу;
- бөгде ұйымдардың өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын бақылау; мемлекеттік органдармен, өндірістік бөлімшелермен және қоғам басшылығымен өзара іс-қимыл жасау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Жылу энергетикасы; стандарттау, сертификаттау және метрология; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
- Жұмыс тәжірибесі: теңіз порттарында - қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл, сондай-ақ жүк көтергіш механизмдерді (крандарды), көтергіштерді (мұнараларды), қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, резервуарлар мен өзге де жабдықтарды тексеру бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл. Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (бас инженер, техникалық директор немесе еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің бастығы) - кемінде 5 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.