«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңы тасымалдары» филиалының Алматы өңірлік учаскесінің Шу станциясы электр поезы машинисінің көмекшісі
Лауазымдық міндеттер:
- Белгіленген тәртіппен қауіпсіздік құрылғыларының, радиобайланыстың, тораптардың жұмысын бақылайды, олардың жай-күйін, оның ішінде өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тексереді;
- локомотивте және МВЖҚ-да немесе поезд құрамында ақаулық анықталған кезде оны тез арада жоюға, ал белгіленген уақытта-аралықты босатуға жою мүмкін болмаған кезде поездар қозғалысының тоқтап қалуына жол бермей, барлық қажетті шараларды қолдануға;
- МВЖҚ-ны пайдалану кезінде анықталған барлық ақаулықтар туралы сапар (ауысым) аяқталғаннан кейін ТУ-152 нысанындағы журналға жазу жүргізуге міндетті.
- тартқыш жылжымалы құрамның тораптары мен агрегаттарын күту, оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі машинистің тапсырмаларын уақтылы және дәл орындауға, сондай-ақ қызмет көрсетілетін және қарсы келе жатқан поездардың жай-күйін бақылауға;
- қажет болған кезде поезды (тартқыш жылжымалы құрамды) өздігінен кетуден бекітуге;
- машинистің жұмыс орнында тұрып, бағдаршамның тыйым салушы сигналына жүру кезінде сигнал көрсеткішін, машинист бақылаушысының немесе тартымды басқару органдарының жағдайын, тежегіш және қоректендіру магистральдарындағы қысымның шамасын, бағдаршамның тыйым салушы сигналына жүру жылдамдығын бақылауға және машинистке мезгіл-мезгіл баяндауға;
- ТПЕ талаптарын, басқа да нормативтік құжаттарды мүлтіксіз орындау негізінде қозғалыс қауіпсіздігін және поездар қозғалысының кестесін қамтамасыз етуге міндетті.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары немесе арнайы орта білім (техникалық және кәсіптік), белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық.
- Сала мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (локомотивтер, қатынас жолдары инженері, техник-электромеханик;) және МВПС машинисінің көмекшісі немесе локомотив мамандығын беру туралы белгіленген үлгідегі құжаттар; темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша).
- Жұмыс тәжірибесі: өтіліне талап қойылмайды.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.