«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы

Зарплата не указана
Филиал "Экспресс" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Кемінде 3 жыл Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
6

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жылдық шығыстар жоспарын және сатып алу жоспарын қалыптастыру және түзету;
  • жетекшілік ететін мәселелер бойынша жыл сайынғы бюджетті қалыптастыру; жұмысты ұйымдастыру және негізгі құралдарды бақылау: ұқыпты қарым-қатынас, сақталуы, дұрыс пайдалану, ҚЖ қозғалысын есепке алу, техникалық паспорттардың болуы және жай-күйі, АГО-1 нысанының есептерін уақтылы ұсыну, ҚЖ жалға беру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, негізгі құралдарды есептен шығаруға құжаттарды дайындау;
  • мемлекеттік әділет органдарында жер учаскелерін, ғимараттар мен құрылыстарды паспорттау және тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бақылау;
  • автокөлік құралдарының дұрыс пайдаланылуын және техникалық күтіп ұсталуын бақылау, оның ішінде автокөлікті жөндеу, сақтандыру және техникалық байқаудан өткізу жөніндегі іс-шаралардың уақтылы орындалуы;
  • «Тальго» және «Тұлпар-Тальго» жолаушылар поездарының дизель отынымен жабдықталуын, отын-энергетикалық ресурстардың (бензин, дизель отыны, электр энергиясы) жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша дұрыс жұмсалуын ұйымдастыру және бақылау;
  • негізгі құралдарды ағымдағы және күрделі жөндеу мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау;
  • Филиалдың мұқтажы үшін жүргізілетін орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жасалған шарттар бойынша Филиал міндеттемелерінің орындалуын және мердігерлер тарапынан шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
  • қаржыландыруға арналған ай сайынғы өтінімдерді қалыптастыру, жетекшілік ететін мәселелер бойынша мердігерлік ұйымдардың кепілдік қамтамасыз етуді енгізуін бақылау;
  • ТЖҚ-ның орындалған жұмыс актілерін тексеру, жетекшілік ететін мәселелер бойынша бастапқы актілерді, электрондық шот-фактураларды, көлемдерді және т.б. салыстыру;
  • zakup.sk.kz. сатып алудың электрондық жүйесіндегі жұмыс, тендерлік құжаттаманы, шарттардың жобасын жасау, ТЖҚ-ның техникалық ерекшелігін әзірлеу, жетекшілік ететін мәселелер бойынша ТЖҚ-ны сатып алуды жүзеге асыру үшін Филиалдың тиісті құрылымдық бөлімшесіне жіберу;

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Көлік, көлік техникасы және технологиялары.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 1 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.