Вагон қараушысы-жөндеушісі Тишинская станциясының ТҚКП "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "Тасымалдау процесі дирекциясы"
Лауазымдық міндеттер:
Вагондарды тексеру және жөндеу, тежегіштерді сынау. Жүріс бөліктеріндегі, шанақтағы, вагондардың тораптары мен бөлшектеріндегі ақауларды өлшеу құралдарының көмегімен және сыртқы түрі бойынша айқындау. Вагондардың тіркелетін тобын дайындау, техникалық байқау. Поездың кестелік тұрағы уақытында вагондардың тораптары мен бөлшектерінің анықталған ақауларын жою бойынша жұмыстарды орындайды.Жұмыс орнындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау.
Вагондарды тексерушi-жөндеушiлер кепiлдiк берiлген учаске бойынша поездардың авариясыз өтуiн қамтамасыз ететiн жүк және жолаушылар поездарының құрамындағы вагондардың қауiпсiз өтуi үшiн жауапты болады.
Құрал-саймандардың, өлшеу құралдарының, көзделген сигналдық керек-жарақтар жиынтығының болуын және жарамдылығын тексеру, бекітілген технологиялық процеске сәйкес өзімен бірге жарамды құрал, өлшеу және бақылау құралдарын алып жүру.
Біліктілік талаптары:
Білімі: орта немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық.Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Қосымша талаптар:
Қозғалыстағы поездың вагондарын қарап шығу, сыртқы белгілері бойынша доңғалақ жұптарының сырғанау бетіндегі, букстік тораптардағы, арбалардағы ықтимал ақаулықтарды анықтау, жекелеген вагондардың тежегіштерін босатпаған, генератор жетегінің жұмысын анықтау.Поезд келгеннен кейін сигналдық дискілерді артқы вагондардан алу, жөндеуді қажет ететін ақаулы вагондарды анықтау және таңбалау жүргізіледі.
Поездың кестелік тұрағы уақытында вагондардың тораптары мен бөлшектерінің анықталған ақауларын жою бойынша жұмысты орындау.
Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;
Қоғам басшылығының және тікелей басшының тапсырмаларын орындау;
Іскерлік этика және корпоративтік мәдениет нормаларын сақтау;
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.