«ҚТЖ» ҰК» АҚ-«Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Жаңа - Есіл сигнал беру және байланыс дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері
- Жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауын, еңбекті қорғау құралдарын, жеке қорғану құралдарын дұрыс пайдалануын, айлабұйымдарды, машиналарды, механизмдерді, электрден қорғау және сақтандыру құралдарын сынау мерзімдерінің сақталуын, жұмыскерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін, жұмыскерлерді арнайы сабынмен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады;
- жазатайым оқиғаларды тергеуге, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің есебін жүргізуге, өндірістік жарақаттанудың себептерін талдауға қатысады;
- еңбекті қорғауға арналған қаражатты игеру туралы есептерді жасайды, еңбекті қорғау жай-күйіне талдау жүргізеді, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша есептілікті жүргізеді;
- кіріспе және бастапқы нұсқама бағдарламаларын әзірлейді, жаңадан қабылданған қызметкерлерге, іссапарға жіберілгендерге, өндірістік оқытуға немесе практикаға келген оқушылар мен студенттерге кіріспе нұсқама өткізуді жүзеге асырады.
- Білімі: жоғары;
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.