«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ақадыр машиналандырылған жол дистанциясы Қапшағай станциясы өндірістік учаскесінің машиналары мен механизмдерін пайдалану және жөндеу бойынша шебері
Лауазымдық міндеттер:
- Жол машиналарының жабдықтарын жөндеу үшін қосалқы бөлшектерге бөлінген қорларды өткізу жөнінде шаралар қабылдайды.
- Жабдықтарды жөндеу және сынау кезінде бақылауды жүзеге асырады.
- Жабдыққа профилактикалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша нормативтік материалдарды (жөндеу – пайдалану шығындарының нормативтері, қосалқы бөлшектердің қызмет ету мерзімдері, ауыстырылатын тез тозатын бөлшектердің номенклатуралары, майлау материалдарының шығын нормалары мен лимиттері) әзірлейді.
- Тозудың жоғарылау себептерін, жабдықтардың апаттарын, өндірістік жарақаттануды және олардың алдын алу шараларын тексеруге қатысады.
- Ақаулар ведомостарын, жөндеу жүргізуге арналған өтінімдерді жасаудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
- Қосалқы бөлшектер мен материалдарға, құралдарға өтінімдер мен ерекшеліктер жасайды. Олардың шығыстарының дұрыстығын бақылайды, негізгі құралдарды есептен шығару жөніндегі комиссияға қатысады.
- Жол машиналарын пайдалану, ұстау және жөндеу бойынша стандарттар мен техникалық шарттарды әзірлеуге және енгізуге байланысты жұмысқа қатысады.
- Рационализаторлық ұсыныстар мен Өнертабыстар бойынша, Жол машиналары жабдықтарының конструкциясын жетілдіру, жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныс береді, рационализаторлар мен өнертапқыштарға практикалық көмек көрсетеді және қабылданған ұсыныстарды енгізуді ұйымдастырады.
- Жол машиналарының жабдықтарын есепке алуды, паспорттауды жүргізеді, оларды жөндеуден, жаңғыртудан және реконструкциялаудан кейін паспорттарға өзгерістер енгізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік);
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, Көлік, көлік техникасы және құрылыс технологиялары, жол машиналары мен жабдықтары); көлік құрылысы, теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ / кемінде 3 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.