"ҚТЖ" ҰК" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясы Ақсу электрмен жабдықтау ауданы Ақсу-Дегелең учаскесі электромеханик
Лауазымдық міндеттер:
- электрмен жабдықтау құрылғылары мен электрберіліс желілеріне техникалық қызмет көрсетуді, ағымдағы, күрделі жөндеуді және қалпына келтіруді уақытылы жүргізуді жоспарлау мен ұйымдастыру
- жабдықтарға, әуе және кабельдік электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізуге арналған ақаулы актілерді жасау;
- электрмен жабдықтау құрылғылары мен электрберіліс желілерін күшейту және қайта құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- қауіпсіздік техникасы және белгіленген технология ережелері бойынша қызмет көрсетуші персоналдың нарядтарын, жұмыстарды жүргізуге арналған өкімдері мен нұсқамаларын ресімдеу;
- көлік-қалпына келтіру құралдарының, авариялық қордың тұрақты дайындығын қамтамасыз ету және оларды тиісті түрде ұстау;
- Теміржол магистральдық желісінің электрлендірілген желілерін электрмен жабдықтауды орнату және техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес қарап тексере, аралай отырып жүріп өтіп аралау жолы арқылы электрмен жабдықтау құрылғылары мен электрберіліс желілерінің жай-күйін бақылау
- найзағайға қарсы және коррозияға қарсы қорғау құрылғыларының тиісті жай-күйін, көктайғаққа қарсы күрес құралдарының тұрақты дайындығын қамтамасыз ету;
- қажетті материалдармен, бөлшектермен, тіректермен, сымдармен, жабдықтармен және қосалқы бөлшектермен жабдықталған көлік-қалпына келтіру құралдарының (автодрезиналар, автомашиналар, автомотрисалар және т. б.) тұрақты дайындығын қамтамасыз ету;
- қосалқы бөлшектер мен материалдардың болуын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
- қорғау құралдарының, құрал-саймандарының, арнайы көмекші құралдардың жай-күйіне, оларды уақытылы толықтыруды, сынауды және жөндеуді бақылауды жүзеге асыру;
- белгіленген техникалық құжаттаманы және есеп-қисапты жүргізу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: арнайы орта (техникалық және кәсіптік)
- Саладағы мамандығы : Электроэнергетика; Автоматтандыру және басқару; Салалар бойынша электрлік және электромеханикалық жабдықтар; Техникалық пайдалану, электр механикалық және электрлік жабдықтарды жөндеу және пайдалану
- Жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан кем емес
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.