«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ - «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Балхаш жол дистанциясының механикалық шеберхана цехының бас механигі
Лауазымдық міндеттер:
- механикалық шеберхананың жұмысына тікелей басшылық жасайды;
- әр жұмыскердің өндіру нормасын бақылайды, жүргізілетін жұмыстың сапасын тексереді, механикалық цехтағы жазатайым оқиғалар мен ақаулардың алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
- дрезина, мотовоз және автомотрисалардың (алынбайтын түрдегі моторлы-рельстік көлік), пневмоүдеткіш пен компрессорлы жабдықтардың және қар тазалағыш техникалардың пайдаланылуына және ұсталуына жауап береді;
- жүк-көтерме механизмдердің және ауа жинағыштардың кестеге сәйкес техникалық куәландыруын өткізеді;
- материалдардың, электроэнергияның, дизельдік жанармай мен бензиннің үнемді шығындалуына жауап береді және артық шығынды туғызатын себептерді жояды;
- материалдардың, жанар-жағармай материалдарының жұмсалуы бойынша және қолда бар негізгі құрал-жабдықтардың есебін жүргізеді;
- жол дистанциясының шағын механикаландыруының есебін жүргізеді және жол дистанциясы шағын механикаландыруының жарамды күйде болуын қамтамасыз етеді;
- авто-тракторлық құралдардың жол полиция органдарында тіркеуден және техникалық бақылаудан өткізеді;
- жол дистанциясының бастығы бекіткен кестеге сәйкес машиналар мен механиздердің техникалық бақылаудан өту кестесін құрады;
- қауіпсіз еңбек жағдайларын және жұмыскерлердің жол ережелерін, қауіпсіздік техникаларын, өндірістік санитарияның және өз телімінде өрт қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Сала бойынша мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (Көтерме-көліктік, құрылыс, жол машиналары және жабдықтар); Көлік құрастыру; Электроэнергетика; Жылу энергетикасы; Құралдар құрастыру; Көлік құрылысы (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпір және көлік көпірлері);
- Еңбек өтілі: 3 жылдан кем емес
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.