«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Тасымалдау процесінің дирекциясы» Қарағанды пайдалану вагон депосы Шұбаркөл станциясының 1 топ вагон депосының шебері
Лауазымдық міндеттер:
- Вагондардың уақтылы шығарылуы мен сапалы жөнделуін қадағалайды; жөндеу барысында цех қызметкерлерінің белгіленген технологиялық процестерді сақтауын қамтамасыз етеді.
- Жөндеуден кейін қауіпті жүктерді тасымалдайтын вагондарды пайдалануға шығаруға қатысады.
- Алдағы жөндеу жұмыстарының көлемін анықтайды және қосалқы бөлшектердің, тораптар мен материалдардың бар-жоғын тексереді; цехтағы жетіспейтін тауарлық-материалдық құндылықтарды толықтыруды ұйымдастырады. Жөндеуді немесе калибрлеуді қажет ететін қосалқы бөлшектерді тиісті жөндеу орнына жеткізуді үйлестіреді.
- Жабдықтардың, слесарлық құрал-саймандардың, өлшеу құралдары мен аспаптардың тиісті жұмыс күйін қамтамасыз етеді.
- Ауысым басталмас бұрын жұмысшылармен түскен тапсырыстар мен жеделхаттық нұсқауларды қарастыру мақсатында нұсқамалық өткізеді.
- Локомотив бригадасынан бөлімше немесе құрылымдық бөлімше қызметкерін (мысалы, сигнал беру, жол шаруашылығы немесе электрмен жабдықтау бөлімшелерінен) қағып кетудің алдын алу үшін шұғыл тежеуді қолданғаны туралы ақпарат алған кезде, бұл туралы пойыз диспетчеріне дереу хабарлайды және мұндай әрбір оқиғаны «Жолдағы адам» деп аталатын арнайы журналға тіркейді.
- Ақпараттық жүйеде мінез-құлық қауіпсіздігі бойынша диалог жүргізеді, тексеру тізімін кешенді өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінде тіркейді (интернетпен қамтылмаған станцияларда бұл тексеру жазбаша түрде нысанаға жазылуы керек), жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған орта қауіпсіздігіне назар аударады.
- Техникалық пайдалану ережелерін, нұсқаулықтарды немесе нұсқауларды сақтамаған, лауазымдық міндеттерін орындамаған, сондай-ақ еңбек және технологиялық тәртіпті бұзған жағдайда цех қызметкерлерін жұмыстан шеттетеді.
- Өз жұмыс аймағында еңбекті қорғау талаптарының сақталуын және қызметкерлердің оларды орындауын талап етеді; қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалардың уақтылы өткізілуін қамтамасыз етеді; сондай-ақ нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жұмыс орнындағы қауіпсіздік жағдайын қадағалайды.
- Жұмыс уақытының есебін жүргізеді. Қызметкерлердің филиалдың ішкі еңбек тәртібін сақтауын қадағалайды. Қызметкерлердің ауысым алдындағы және мерзімді медициналық тексерулерден уақтылы өтуін қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі / орта буындағы техникалық және кәсіптік білім.
- Мамандығы: көлік, көлік техникасы және технологиялары (Теміржол вагондары)/Теміржол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету.
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл, оның ішінде кемінде 1 жылы вагон қараушысы ретінде / кемінде 3 жыл, оның ішінде кемінде 2 жыл вагон қараушысы ретінде
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.