КТСМ электр механигі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Ақтөбе магистралдық желі бөлімшесі» филиалы Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясы

375 822 - 398 157 KZT
Кандыагашская дистанция сигнализации и связи Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
7

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  1. Қызмет көрсетілетін құрылғылардың теориялық және практикалық негіздерін, жұмыс жүргізу ережелерін білу, сондай-ақ құрылғылардың параметрлерін өлшеп, реттей білу; монтаждау және жөндеу жұмыстарында тәжірибесі болу; білім деңгейін жүйелі түрде арттыру, өзінің тәжірибесі мен білімін бағынышты қызметкерлерге үйрету.
  2. Құрылғылар туралы білімді жетілдіру, ақаулардың пайда болуын болдырмау, ал олар туындаған жағдайда поездардың қозғалыс қауіпсіздігін және еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, тез арада жою шараларын қабылдау.
  3. КТСМ құрылғыларының электромеханикалық кемшіліктерін уақтылы жоюға ұйымдастырып, практикалық көмек көрсету; актілерде, тексеру журналдарында және басқа да құжаттарда көрсетілген ескертулерді орындау, сондай-ақ сенімділікті арттыруға бағытталған жұмыстарды жүргізу; КТСМ құрылғылары жұмысының ақауларын талдау; ақаулардың алдын алу мақсатында құралдарды уақытылы ауыстыру және өлшеу құралдарын тексеруді дер кезінде ұйымдастыру.
  4. Қорғаныс құралдарын жоспарлы түрде ауыстырып тұру және оларды уақтылы тексеріп отыру.
  5. Қызмет көрсетілетін КТСМ құрылғылары жұмысының бұзылуы туралы хабар түскенде, қысқа мерзімде оқиға орнына келіп, себептерін анықтау және ақауды жою шараларын қабылдау, қабылданған шаралар туралы диспетчерге баяндау. Егер өз күшімен ақауды жою мүмкін болмаса, жағдайды дереу диспетчерге хабарлап, байланыс дистанциясы бастығының орынбасарына немесе КТСМ аға электромеханигіне жеткізу. Ақау жойылған уақыты мен себебі туралы диспетчерге хабарлау. Ақау жойылған соң, тексеру журналында жазба жасау және поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Ұқсас бос жұмыс орындары

«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қандыағаш жол дистанциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері
Кандыагашская дистанция пути | Толық жұмысбастылық | Ақтөбе облысы
от 441 859 KZT
21.09.2026
Автокөлік жүргізушісі механикалық автотранспорт бөліміне "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ -" Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі филиаланың Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясы
Кандыагашская дистанция сигнализации и связи | Толық жұмысбастылық | Ақтөбе облысы
240 133 - 248 013 KZT
21.09.2026
КТСМ электр механигі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Ақтөбе магистралдық желі бөлімшесі» филиалы Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясы
Кандыагашская дистанция сигнализации и связи | Толық жұмысбастылық | Ақтөбе облысы
375 822 - 398 157 KZT
21.09.2026