"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы Алматы-2 вокзалы бастығының орынбасары - "Алматы магистральдық желі бөлімшесі"

435 203 - 455 885 KZT
Алматы магистральдық желі бөлімшесі Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
2

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Теміржол вокзалдары қызметінің мәселелері бойынша бөлімшенің жұмысын үйлестіреді;
  • Вокзал шаруашылығы бөлігінде қызметкерлердің өтініштері мен бұйрықтарын (оның ішінде жұмыстан босату/тағайындау, демалыс беру, іссапарлар және т.б.) келіседі;
  • Вокзалдарды, құрылыстарды және вокзал шаруашылығының басқа да құрылғылары мен жабдықтарын техникалық күтіп ұстау, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды уақтылы және сапалы жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ вокзалдардың барлық қызметтері мен техникалық құрылғыларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді;
  • Шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бақылайды және олар бойынша шағымдарды қарау кезінде комиссияларға қатысады;
  • Шарт талаптарына сәйкес бөлімшенің теміржол вокзалдарының қажеттіліктері үшін жасалған сатып алу туралы шарттар бойынша жеткізілген тауарларды, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қабылдау актілерін келіседі;
  • Теміржол вокзалдарында жауапты адамдарды еңбекті қорғау, экология, электр қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады және бақылайды.

Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), ағылшын тілін Elementary деңгейінен төмен емес деңгейде білу;
  • Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Ғимараттар мен құрылыстар салу; Электр энергетикасы, Экономика, Инженерлік жүйелер, Маркетинг; Көлік, көлік техникасы және технологиялары, механикаландыру және автоматтандыру;
  • Жұмыс тәжірибесі: темір жол көлігі ұйымдарында басшылық лауазымында кемінде 5 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.