"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы"филиалының Илецк темір жол учаскесі өндірісін қамтамасыз ету секторының 2 санатты инженері
Лауазымдық міндеттер:
1. Филиалдың қаржылық және операциялық қызметіне қатысты тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді (оның ішінде отын-энергетикалық ресурстар мен күрделі жөндеу жұмыстарын) сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге, қалыптастыруға және түзетуге қатысу.2. Қызметтер мен отынды жеткізу жөніндегі шарт талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу.
3. Жеткізушілермен және мердігерлермен шарттарды дайындау; қызметтерді көрсету және отынды жеткізу шарттары мен кестелерін келісу.
4. SAP жүйесінде отынға, энергетикалық ресурстарға және үшінші тарап ұйымдарының қызметтеріне деген қажеттіліктерді жинақтау.
5. Филиалды сатып алу жоспарының орындалуы және бюджет қаражатының игерілуі туралы есептерді дайындау
6. Ашық тендерлер мен баға ұсыныстарын сұрату арқылы жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
7. Жұмыстарға, қызметтерге және отынға жасалған шарттарды SAP жүйесіне енгізу
Біліктілік талаптары:
Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
Мамандығы: Экономика; менеджмент; қаржы; маркетинг; бухгалтерлік есеп және аудит; ақпараттық жүйелер; құқық; көлік, көлік техникасы және технологиялары; логистика және/немесе теміржол саласына қатысты бағыттар.
Жұмыс тәжірибесі: Тиісті салада кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.