«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ақтау-Порт станциясының бас инженері

Зарплата не указана
Мангистауское отделение магистральной сети Маңғыстау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
3

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттер:
  • Станцияда және станцияға бекітілген разъездерде поездар қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
  • бекітілген технологиялық жұмыс процесіне сәйкес станцияның жұмысын ұйымдастыру, техникалық құралдарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, жылжымалы құрамның тоқтап қалуын азайту;
  • станция бастығының нұсқауы бойынша станцияға бекітілген Жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ құрылғыларын, станциядағы байланыс пен электрмен жабдықтауды және разъездерді комиссиялық айлық тексеруді ұйымдастырады;
  • қызметкерлермен тәртіпті нығайтуға, қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғауды және станцияда поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық және тәрбие жұмыстарын жүргізу;
  • жұмыс орындарында еңбекті қорғау нормаларын бақылау және станция қызметкерлерінің, әсіресе жаңадан қабылданған қызметкерлердің қауіпсіз еңбек тәсілдерін оқыту;
  • станцияның техникалық-өкімдік актісін және оларға қосымшаны әзірлеуге қатысу, қажет болған жағдайда оларға тиісті толықтырулар мен өзгерістердің уақтылы енгізілуін қамтамасыз етеді;
  • станция жұмысының технологиялық процесін және оларға қосымшаны әзірлеу, қажет болған жағдайда оларға тиісті толықтырулар мен өзгерістердің уақтылы енгізілуін қамтамасыз етеді;
  • станция қызметкерлерімен кезекшілікке түсер алдында нысаналы нұсқама жүргізу және ауысым алдында қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуін тексеруді жүзеге асырады;
  • іргелес құрылымдық бөлімшелердің мамандарын тарта отырып, станция қызметкерлерімен техникалық сабақтар өткізу, сондай-ақ келіп түскен телеграф нұсқауларын қосымша зерделеу;
  • қызметкерлердің өндірістік және технологиялық тәртіпті сақтауын, олардың лауазымдық міндеттерін толық көлемде орындауын, еңбекті қорғау, өртке қарсы және электр қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын бақылайды; қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді және технологиялық процесс талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • поездар қозғалысына байланысты станция қызметкерлерінің білімін және станция қызметкерлерінің еңбекті қорғау жөніндегі білімін бағалау жөніндегі комиссия құрамына қатысады;
  • станцияның жұмысын қамтамасыз етуге, дамудың перспективалық және жылдық жоспарларына, жаңа техниканы енгізуге, еңбектің озық әдістеріне, жұмыс технологиясын жетілдіруге, станция шекарасында орналасқан басқа қызметтердің кәсіпорындарын жаңа салу мен реконструкциялауға қатысты мәселелерді келісуді қамтамасыз етеді;
  • қоғам, компания, Филиал басшылығының келіп түскен телеграф нұсқауларының және телеграф нұсқауларында көрсетілген талаптардың орындалуына жұмысты ұйымдастырады және жауапты болады;
  • белгіленген нысандар бойынша есептердің уақтылы жасалуын бақылайды;
  • өндірісті қамтамасыз етуді (жабдықтауды) бақылайды; станция шаруашылығын қысқы жағдайларда жұмысқа дайындау мәселесімен айналысады;
  • экологиялық жағдайдың жай-күйін, кәсіпорын аумағының санитарлық жай-күйін, экология бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымдарында кемінде 2 жыл немесе станциялық/маневрлік диспетчер, 1-2 сыныптан тыс станция бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 3 жыл

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.