«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Тасымалдау процесінің дирекциясы» Балқаш пайдалану вагон депосының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы

464 105 - 487 483 KZT
ВЧД-14 Балқаш пайдалану вагон депосы Балқаш қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
1

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Технологиялық процестерді, техникалық құжаттамаларды, нұсқаулықтарды, регламенттерді әзірлейді;
  • Белгіленген нормалар мен лимиттерге(бензин, көмір, дизель отыны, май және майлау)сәйкес отын-энергетикалық ресурстар мен тауар-материалдық құндылықтардың қажеттілігін есептеуді және ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүргізеді;
  • Шығыстың прогрессивті нормаларын пайдалана отырып, материалдық ресурстарға (шикізат, материалдар, жабдықтар, жиынтықтаушы бұйымдар,
  • Отын және т. б.) қажеттілікті айқындау негізінде материалдық-техникалық қамтамасыз етудің перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге, сондай-ақ қажетті өндірістік қорларды құруға басшылық етеді;
  • Күрделі салымдар жоспарының орындалуын, негізгі құралдарды ағымдағы жөндеуді жоспарлайды және бақылайды;
  • Қысқы кезеңде кәсіпорынның жұмысқа дайындығын жоспарлайды және бақылайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар (Вагондар және вагон шаруашылығы)
  • Жұмыс тәжірибесі: бөлім бастығының орынбасары / вагонды пайдалану депосының шебері/техникалық қызмет көрсету пунктінің бастығы/ вагон депосының бас технологы/бас механигі/вагондарды қабылдау жөніндегі инженер (вагондарды қабылдаушы)лауазымдарында кемінде 4 жыл

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.