«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе қорғаныш орман екпелері дистанциясының (Атырау облысы, Исатай станциясындағы) өндірістік учаскесінің шебері

451 026 - 469 373 KZT
Актобинская дистанция защитных лесонасаждений Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
9

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • Осы учаскеде жыл сайын негізгі құралдарға түгендеу жүргізу;
  • Жүргізілетін жұмыстардың сапасына стандарттар талаптарына қатаң сәйкестікте тұрақты бақылау жасау;
  • Еңбекті қорғау жағдайын бақылауға қатысу жөніндегі лауазымдық нормативтердің талаптарын қатаң сақтау (мүліктің есебін жүргізу);
  • Жоспарлы және жоспардан тыс техникалық сабақтарды уақтылы өткізу;
  • Теміржол жолағының бөлінген белдеуінде өртке қарсы жырту және құм басуға қарсы күрес жұмыстарының орындалуы туралы жол дистанциясы шеберлерімен келісілген орындалған жұмыстар актісін ай сайын ұсыну;
  • Мүлікті түгендеуге қатысу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік).
  • Мамандығы: Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша); Құрылыс (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Теміржол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс; Құрылыс; Теміржол жылжымалы құрамын өндіру; Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс (түрлері бойынша).
  • Жұмыс тәжірибесі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болған жағдайда – талап қойылмайды / орта (техникалық және кәсіптік) білімі болған жағдайда – орман шаруашылығы саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.