"Әскерилендірілген теміржол күзеті"ЖШС ӘТЖК Алматы филиалы Матай станциясының атқыштар командасы бастығының орынбасары

364 771 - 380 208 KZT
Алматинский филиал ВЖДО Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
1

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Атқыштар командасының жұмысын ұйымдастыруға, алып жүрілетін жүктер мен күзетілетін объектілердің күзетін қамтамасыз етуге, сондай-ақ күзет сағаттарының жоспарлы көлемін орындауға дербес жауапты болады.
  • Күн сайын тәуліктік ведомостарды (ХУ-1 нысаны) және маршруттық парақтарды (ХУ-2 нысаны) өңдейді, күзетшілерді ұтымды пайдалану және шарттарға сәйкес штат нормативінің орындалуы бойынша күнделікті талдау жүргізеді, жұмыс уақытының есебін жүргізу табелін күн сайын толтырады; еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын өңдейді, қажет болған жағдайда атқыштар командасы қызметкерлерінің еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын алуының дұрыстығын тексереді.
  • Жүктердің, объектілердің, сигнализация, орталықтандыру және бұғаттау (СОБ), сондай-ақ байланыс техникалық құрылғыларының сақталуын қамтамасыз ету, өткізу режимін және теміржол көлігінде белгіленген тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады.
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерді орындайды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария қағидаларын біледі және сақтайды.
  • Жүктерді күзетпен алып жүру және объектілерді күзету кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандық бағыты: Құқықтану; Құқықтану ісі; Әскери басқару; Әскери іс және қауіпсіздік; Құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар және вагон шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Теміржолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); Локомотивтер және локомотив шаруашылығы; Электрлік және электромеханикалық жабдық; Құрылыс; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Өрт қауіпсіздігі; Электротехника (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер.
  • Жұмыс өтілі: ұйымның бейініне сәйкес мамандық бойынша немесе теміржол көлігіндегі күзет қызметін ұйымдастыру саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.