Шаруашылық цехының қоймашысы "Маңғыстау пайдалану вагон депосы" ""ҚТЖ"ҰҚ"АҚ филиалы

296 543 - 312 302 KZT
ВЧД-33 Мангистауское эксплуатационное вагонное депо Маңғыстау а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Толық жұмысбастылық, Вахталық әдіс
Вакансия приостановлена
Құрылды:

Берілген өтінім:
17

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

15.4. Шарттар мен факсограммаларға сәйкес тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату бойынша қойма жұмысына басшылықты қамтамасыз етеді. Қойма алаңдарын барынша ұтымды пайдалану, қажетті материалдар мен мүкәммалды іздеуді жеңілдету және жеделдету мақсатында оларды тиімді орналастыруды ұйымдастырады. Материалдарға, вагондардың қосалқы бөлшектеріне және қызметкерлердің арнайы киімдеріне (пайдалану мерзіміне сәйкес) арналған жыл сайынғы өтінімдерді әзірлеуге қатысып, өз ұсыныстарын енгізеді.

15.5. Қоймада сақталатын тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын және оларды сақтау режимдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

15.6. Өртке қарсы құралдардың болуын және жарамдылығын, қоймадағы үй-жайлардың, жабдықтар мен мүкәммалдың жай-күйін қадағалайды және олардың уақтылы жөнделуін қамтамасыз етеді.

15.7. Еңбекті қорғау жөніндегі нормалар, қағидалар мен нұсқаулықтарды сақтай отырып, қоймада тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастырады.

15.8. Тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады.

15.9. Қоймалық операциялардың есебінің және белгіленген есептіліктің жүргізілуін бақылайды. Қойма шаруашылығы жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады.

15.10. Әр айдың 25-інен кешіктірмей өткен кезеңдегі қосалқы бөлшектер мен материалдардың шығысы туралы материалдық есепті белгіленген нысандар бойынша депоның бухгалтер-материалшысына ұсынады.

15.11. Технологиялық және еңбек тәртібінің сақталуын, еңбекті қорғау, жеке қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларының, жабдықтардың, технологиялық жарақтардың және құрал-саймандардың техникалық пайдалану талаптарының, сондай-ақ табиғатты қорғау және санитариялық нормалардың сақталуына бақылау жүргізеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: бекітілген багдарлама бойынша  арнайы дайярлық 
    * Еңбек өтіліне талап қойылмаған.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.