"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Қарағанды" филиалы Қарағанды тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі технологиялық орталығының тауар кассирі (ГПФ-4)

264 541 - 274 724 KZT
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «Қарағанды» Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Кемінде 3 жыл Қызметкер болмаған кезеңге, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Уақытша лауазым
 

Құрылды:

Берілген өтінім:
10

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • АСУДКР жүйесінде тиелген және бос вагондар мен контейнерлерді қабылдау, беру, қайта бағыттау кезінде жүк жөнелтушілердің/жүк алушылардың тасымалдау құжатының бағандарын толтыру дұрыстығын тексеру. Егер дұрыс емес толтыру анықталса (жіберу кезінде), ол өзгертулер мен түзетулер енгізу үшін оны қайтару
  • АСУДКР мақұлданған өтінімдердің болуын тексеру, он күндік өтінімдерді уақтылы бекіту және оларды түзету
  • Тасымалдау құжаттарының, мөртаңбалардың, қатаң есеп бланкілерінің, станциялық және коммерциялық құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз ету·        
  • Нормативтік құқықтық құжаттарға және жергілікті актілерге сәйкес жүк операцияларын жүзеге асыру кезінде жүкқұжат, СМГС жүк құжаты, ФДУ-92 ВТ нысанды қосымша алымдар бойынша жинақтаушы карталар, тасымалдау құжаттарының уақтылы және дұрыс ресімделуін қадағалау

Біліктілік талаптары:

  • Білімі орта (техникалық және кәсіби)
  • Мамандығы:  Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру  және қозғалысты басқару 
  • Жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес 

 

Қосымша талаптар:

  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оған еншілес ұйымдар мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорындағы өндірістік – шаруашылық қызметті реттейтін нормативтік – құқықтық және жергілікті актілерін білуі тиіс.

  • Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды" филиалы, Қарағанды-Сұрыптау станциясы, Қарағанды тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі технологиялық орталық (ТехПД)

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.