«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалы Өңірлік пойыздар қозғалысын басқару орталығының Батыс өңірі бойынша тасымалдау процесі бөлімінің бастығы
Лауазымдық міндеттері:
- Жолаушылар және жүк пойыздары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жүргізу.
- Пойыздар қозғалысын басқару орталығының (ЦУП) пойыздар қозғалысы мен жүк жұмысы бойынша ауысымдық-тәуліктік жоспардың орындалуын бақылау.
- Жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына жол бермеу мақсатында олардың себептерін уақтылы тексеру мен тиісті шаралардың қабылдануына күн сайын бақылау жүргізу.
- Жөндеу және құрылыс-монтаж жұмыстарына технологиялық «терезелердің» берілуін бақылау.
- Батыс өңірі бойынша жергілікті жүктердің жеткізілуін, вагондарды түсіруге уақтылы беруді, бірінші кезекте бос вагондарды беруді, сондай-ақ локомотивтер мен локомотив бригадаларын ұтымды пайдалануды бақылау.
- Пойыздарды құрастыру жоспарының, түйіспе пункттер арқылы пойыздар мен вагондарды өткізу нормаларының орындалуын бақылау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде аға диспетчер, тасымалдау процесі жөніндегі бөлім бастығының орынбасары лауазымдарында жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.