«KTZ Express» АҚ Маркетинг және PR департаментінің PR және сыртқы байланыс жөніндегі тобының менеджері

Зарплата не указана
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
84

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Қоғамның коммерциялық құпиясы мен құпия ақпаратының сақталуын қамтамасыз ете отырып, қоғамның оң имиджі мен іскерлік беделін қолдау және ілгерілету үшін Қоғамның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілердегі ресми беттерде, БАҚ-та мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде пресс-релиздер мен ақпараттық материалдарды дайындауды және орналастыруды қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, оның филиалдарымен бірлесіп қоғамның Құзыретті спикерлерінің БАҚ-тағы мақалаларын, сұхбаттарын, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауаптар дайындауды қамтамасыз етеді;
  • Қоғам қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланған сыни баяндамаларға/жарияланымдарға дағдарысқа қарсы ден қоюды қамтамасыз етеді;
  • Қоғам қызметі туралы имидждік бейнематериалдар жасау;
  • БАҚ-та орналастырылған қоғамның, оның филиалдары мен ЕТҰ қызметі туралы жарияланымдарға мониторинг пен контент-талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның республикалық және халықаралық деңгейдегі форумдарға, көрмелерге, конференцияларға, кеңестерге қатысуын БАҚ-та жариялауды ұйымдастырады;
  • Қоғамның әлеуметтік желілердегі аккаунттарын құруды және SMM-ілгерілетуді үйлестіреді, қоғамның медиа жоспарын әзірлеуді және іске асыруды, жедел ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді;
  • Құрылымдық бөлімшенің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді анықтауды, сипаттауды және бағалауды, тәуекелдер картасын және тәуекелдерді басқару үшін қажетті басқа да құжаттарды уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді;
  • Құрылымдық бөлімшенің өкілеттігі мен жауапкершілігі шеңберінде тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды/бақылау рәсімдерін әзірлеуді және енгізуді, іс-шаралардың/бақылау рәсімдерінің тиімділігін талдауды және оларды жетілдіруді қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның маркетингтік стратегиясында көзделген талдамалық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар; Логистика (салалар бойынша); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Экономика; Менеджмент; Қаржы; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Маркетинг; Ақпараттық жүйелер; Халықаралық қатынас; Кеден ісі; Құқықтану; Халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол мамандықтары; Журналистика; Қоғаммен байланыс; Филология.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.